Жұма, 22 қаңтар 2021 ЖЫЛЫ
1218 19-12-2018, 20:35

Қазақ ұлтшылдығы үшін енді «Фейсбукте» тар болып қалғаны ма?

Қазақстанда «Фейсбук» қақтығыс аймағына айналып кетті. Тіпті кішкентай себеп те қатаң келіспеушіліктерді тудыруға жарайды. Осындай жағдайда бүкіл өткен апта бойы «аса көрнекті» болған 28 гвардияшы-панфиловшылар паркінің атауын өзгерту сияқты ауыр мәселелер туралы не айтуға болады? Кейбір белсенділер өз қарсыластарының «бетін ұру» мақсатымен басқа қалаларға аттануға дейін барады... Сонда біз ұлтшылдық өркениетті болып саналатын кезеңнің шеңберінен шығып кеткенбізбе? Қазақ қоғамымен жалпы не болып жатыр? Неге ең қатерлі қайшылықтар қазақ социумының өз арасында пайда болады?

Расул Жұмалы, саясаттанушы: «Бұл толқынды өркениетті арнаға бағыттау керек»

- Қазір әлеуметтік желілерде көптеген негатив шашылып жатқаны (тіпті әзірге олар тек сөз қақтығыстары деңгейінде болса да), әрине, бұл елеусіз қалдыруға болмайтын өте үрейлі сигнал, әсіресе біз өркениетті қоғамға айналуға ұмтылғанымызды ескерсек. Екінші жағынан, ұлттық мәселені көтерген адамдарды да түсінуге болады: олар бастауларына оралуға тырысады, өздерін халқымен, жерімен, тарихымен сәйкестендіргілері келеді. Бұл демографиялық өзгерістерге, сонымен қатар ішкі және сыртқы факторларға байланысты табиғи процесс.

Барлық ұлттар осындайдан өтеді: біреулері – өте серпінді және батыл өтсе (мысалы, Прибалтика елдері, Грузия), басқалары – баяу өтеді. Қазақстанға осы жолда екіжақтық өз кедергісін келтіреді: өзімізді егеменді мемлекет ретінде жариялай отырып, біз әлі күнге дейін өткен кеңес дәуірімен өмір сүреміз. Ұзақ уақыт бойы бұл екі парадигмалар қатар өмір сүріп келді, бірақ белгілі бір сәтте олар қиылысып, шиеліністер тұдыра бастады. Сол бір тіл мәселесін алыңыз. Халықтың бір бөлігі орыс тілі осы жылдар бойы болған мәртебеде қалуы тиіс деп санайды және олардың дәлелдері бар. Басқа бөлігі де өз дәлелдерін ұсына отырып, әбден заңды түрде мемлекеттік тілде сөйлеуді және қызметтерді сол тілде алуды қалайды.

Бізде шынында да қоғамның екі лагерьге бөлінуі себебінен қатерлі жағдай орын алуда. Бұл қазақ тілді және орыс тілді БАҚ жұмысы бойынша жақсы көрінеді, оларда мүлдем өзгеше тақырыптар, тәсілдер мен басымдықтар бар. Тіпті бір мәселені жарықтандыруда олардың арасында қарама-қайшылықтар пайда болады. Мысалы, ресейлік-украиндық қақтығыста орыс тілді баспасөз және оның оқырмандары негізінен Ресей позициясын қолдаған еді, ал қазақ тілді аудитория көбінесе Украинаны жақтады. Сол сияқты басқа да көптеген тақырыптарға қатысты: Еуразиялық одақ жөнінде, Байқоңыр жөнінде, жер реформасы жөнінде, жақында өткен комсомолдың жүз жылдығы жөнінде және т. б. Мұның барлығы, менің ойымша, ұлт бірлігін қатты бұзады. Ол туралы жиі айтылады, бірақ әзірге тек формальды түрде ғана.

Неге осылай болады? Өйткені, мемлекет ұзақ уақыт бойы бұл көңіл-күйді елеусіз тастаған, қазақ мәселесі өзінен-өзі шешіледі деп ойлап оны екінші жоспарға қалдырды. Бірақ 27 жыл өтті, біз көріп отырғанымыздай, ол шешілмей қана қоймай, тіпті одан да тереңдей түсті. Өз мемлекетінде өзін толыққанды, толық сезінгісі келетін азаматтардың жаңа буыны өсті, бірақ өздерін олай сезінуге мүмкіндік жоқ, өйткені саяси элиталар қазақ қоғамының талаптарымен санасқысы келмеді, өйткені парламент, үкімет және министрліктер қазақ тілін шетке қағатын және әлі де шетке қағып отыр. Нәтижесінде, орыс тілін білмегендіктен адамдар өздерінің мансабының өсуіне қол жеткізе алмайды. Қаранызшы, миллион оралмандардың арасында, олардың көбі тәжірибелі және білімді мамандар болғанына қарамастан, бірде-бір министр, әкім, депутат жоқ. 

Бұның барлығы, әрине, қабылдамаушылық тудырады. Менің ойымша, әрі қарай қоғамдағы келіспеушіліктер тек арта түсетін болады. Соңғы уақытта жиі кездесетін шиеліністер бұған дәлел болып табылады. Біз оларды өркениетті, мәдени түрде шешуге лайық форматтарды табуымыз қажет. 28 Панфиловшылар паркін қайта атау туралы ұсыныстан да бастауға болады. Неліктен ол мәселені дөңгелек үстелдер шеңберінде, қоғамдық пікірталастар аясында нақты дәлелдерді келтіре отырып талқыламасқа?

Өздеріңіз білетіндей, бұны өз уақытында әскери тілші ойынан шығарып алған екенін ресейлік тарихшылардың өздері растады. Көптеген адамдар осыны естіп өскені түсінікті, сондықтан оларға оның жалған екенін қабылдау қиын. Бірақ болашақ туралы ойлау керек. Жас қазақстандықтар бұл мемориалға келіп, «Россия үлкен, ал шегінетін жер жоқ – артымызда Мәскеу!», деген жазуларды көргенде, олар қандай сабақ алуы керек? Біз Ресейдің бір бөлігіміз деп ойлаулары қажетпе? Біз басқа мемлекетті қорғаймыз деп ойлаулары керек пе?

Түсініңдер, қазақ тарихы – бұл тек КСРО-да өткен 70 жыл ғана емес. Жақында біз Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өттік. Ал бұған дейін Алтын Орда болды, Түркі қағанаты болды... Осындай мәселелерді көтерген адамдарды ұлтшылдыққа айыптап, олар тарихты өзгертуге тырысады деп кіналауға болмайды. Бұндай әрі қарай да жалғаса береді. Сондықтан интеллигенцияның, мемлекеттің, идеологиялық органдардың басты міндеті –шиеленіскен сценарийлерді болдырмау үшін осы толқынды оң, яғни өркениетті арнаға бағыттауға тырысу қажет.

Ұлтшылдықтың өсуіне келетін болсақ, мен бұл жерде теріс ештеңе көріп отырған емеспін. Ұлтшылдық – бұл өз еліне деген сүйіспеншілік, өз халқына деген адалдық, патриотизм және тілді, тарихты, мәдениетті білу. Басқа бір мәселе: ұлтшылдық пен нацизм арасында өте жіңішке қыр бар, сонымен жиі пайдаланып, алыпсатарлық жасауға дейін барады. Нацизм (фашизм, шовинизм) – бұл өз ұлтын басқалардан жоғары көтеру ниеті, бұл, әрине, қылмыстық және айыпты болып табылады. Бүгін, айтпақшы, мұндай көңіл-күй Ресейде орын алып отыр.

Қазақстанның ұлтшылдары, әсіресе мен білетін адамдар, ешқашан мұндай жазықтықта, демек: «қазақтар жоғары, қалғандары төмен» немесе «қазақтар қалуы тиіс, ал қалғандары кету керек» сияқты сұрақтар қойған емес. Олар қазақ тілін құрметтеуге, қазақтардың тарихы мен мәдениетін қайта тудыру үшін күреседі... Бір жағынан, Қазақстанда халық толерантты және істі шектен тыс шығармауға тырысады. Мұны артықша пайдалану да дұрыс емес.

Ғалым Ағелеуов, қоғам қайраткері: «Манипуляциялар шешімдерді қабылдайтындардан шығады»

- Қазақстанда қоғамдық пікірді қалыптастыруы тиіс сарапшылар қоғамдастығында үлкен қиыншылықтар бар – көптеген адамдар түсініктеме бермейді, себебі сөз қазір ештеңені білдірмейді. Не айтылғаны маңызды емес, кім айтқаны маңызды болып табылады...

Мәселе мынада: манипуляциялар шешімдерді қабылдайтындардан туындайды, ал азаматтық сан алуандығы мен сөз бостандығында олардың шаруасы жоқ. Сондықтан блогерлік шайқастар және пайдаланушылар арасындағы пікірталастар қызықты және пайдалы болуы мүмкін, ең бастысы – қарым-қатынас мәдениетін сақтау қажет. Кез-келген дискурс – өз көзқарастары мен наным-сенімдерімен алмасатын екі ақылды адамның айтысы. Егер біреу біреуінің «бетін ұруға» уәделенсе, онда ол автоматты түрде қалыпты және барабар адамдардың қатарынан шығарылады. Ең бастысы, – пікірталастың өзі, яғни қарсыластың тұлғасына және тақырыпқа ешқандай қатысы жоқ кемшіліктеріне көшу емес.

Панфиловшылар паркіне келетін болсақ, менің ойымша, 28 деген санға қадалып қалуға болмайды. Панфиловшылар – сол шайқаста қаза тапқан Мәскеудің қорғаушылары. Олардың саны 28-ден әлдеқайда көп болған және мемориалдық кешеннің стеласында олардың аттары орын алуына лайық. Мәселе басқада: «Россия үлкен, ал шегінетін жер жоқ – артымызда Мәскеу!» деген саяси басшы Василий Клочковқа тиесілі сөздер сол ескерткіште қалу керек пе? Егер бұл журналист Кривицкийдің көркемдік ойынан шығарылса, оны жоюға болады. Ал егер шынайы болса, онда қалдыру керек, бірақ бұл ретте, мысалы, туристерге, Алматы қонақтарына «Ресей» деп бүкіл Кеңес Одағы түсінілетін уақыттың тарихи мәнмәтінін анықтап айту керек.

Енді ұлтшылдықтың өсуіне қатысты. Ұлттық мәдениетті, тіл мен тарихты қалпына келтіруге ұмтылу тұрғыда оны тек қана құптауға болады. Бұл үшін мықты этникалық ұлттық мәдени тамырлары қажет. Ал олардың іргетасында бір-бірін кемсітуге жол берілмейтін және басымдық жеке этносқа емес, азаматтың құқықтарына берілген деген дүниетанымы бар заманауи азаматтық қоғам құру.

Біз Қазақстан азаматтарының құқықтарының теңдігі және нәсілдік, этникалық, тілдік, діни белгілері бойынша кемсітпеушіліктің болмауы туралы айтуымыз керек. Біз мемлекет құқықтарынан жоғары болуға тиісті жеке адамның құқықтары мен бостандықтары туралы айтуымыз қажет. Тек осындай еркін ортада ғана біз авторитаризмнің кез келген формаларына қарсы тұра аламыз, өйткені күшті азаматтық қоғам тарапынан биліктің узурпациясы жазаланатын болады.

Әзірге елдегі барлық ішкі процестер тоқтатылған. Бірақ азаматтық қоғам неғұрлым сауатты және күшті болған сайын, біз кез келген деструктивті идеялардға қарсы тұратын заманауи ұлтқа тезірек келеміз.

Сержан Аманов, блогер: «Ұлтшылдыққа сұраныс та бар, пайда алушылар да бар»

- Сәл ғана ауыр-аяқ болу мүмкін емес болғандай, сондай-ақ жақсы мағынада ұлтшыл болу мүмкін емес. Мен өзім үшін оны бұрыннан нацизм деп атаймын. Маған жиі солай деп аталатын ұлттық патриоттармен дауласуға тура келеді. Мені Ресей саясатының жетістігіне/сәтсіздігіне байланысты олардың агрессиясы/қуанышы таңқалдырады. Басқа мемлекеттің, көрші мемлекеттің бізге қарсы жанама да, тікелей де бағытталмаған іс-әрекеттеріне қандай шағымдар болуы мүмкін? Егер аю басқа іспен айналысып жатқанда, біз оны теуіп жіберуге дайын болсақ, ниетіміз соншалықты тар болғаны ма?

Мен мұндай адамдарға: сізге орыстар не істеді? – деген сұрақ қойдым. Жауап копиркадан шыққандай: бізде орыс халқына қарсы ештеңе жоқ, біз РФ билік саясатына қарсымыз. Расында, олардың ешқайсысы ресейлік саясат нақты блогерге және жалпы біздің елімізге қандай жамандық жасағанын түсіндіре алмайды. Жеке өзім олар бізден бұрын тәуелсіздік туралы Декларацияны қабылдап, Қазақстанды империядан шығарып жібергеннен басқа ештеңені таба алмаймын.

«Патриотизм» деген сөзге ішім кұйеді, бірақ Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшылар партиясы барлығымыздың есімізде, ол да бастапқы кезде еврейлерді және басқа да «төмен нәсілдердің» өкілдерін пештерінде өртеген жоқ, бірақ газет беттерінде және бейбіт бюргерлердің алдында өздерінің барлық қиыншылықтарында еврейлерді айыптай отырып, ашудың өскіндерін өртеп жіберді. Өкінішке орай, бүгінгі таңда Қазақстанда болып жатқаны тіпті тенденция немесе тренд емес – бұл қоғамның кең жігінің саясаты. Мұнда есалаң адамдардың сөздері немесе ақылға симайтын әрекеттері ғана емес – мұнда саясатпен айналысатын көптеген сауатты адамдардың саяси ұстанымдары. 

Ұлтшылдықта сұраныс та бар, пайда алушылар да бар. Жасырын себептер теориясына үңілгім келмейді, бірақ Ресеймен және бүкіл кеңестікпен байланысты кез келген мәселе бойынша шабуылдар тым ұйымдасқан болып көрінеді. Бұл жерде мемлекеттік саясаттың «еңбегі» де бар. Ол әртүрлі халықтардың бейбітті қатар өмір сүруін ауызша мәлімдейді, бірақ іс жүзінде бұл проблеманы өз ағынымен жіберді. Сондықтан, егер наразылық электоратының басты бөлігі нацистік көңіл-күйлер, оның үстіне экстремистік тұрғыдан болса, таң қалмаймын. Елдегі есі дұрыс емес адамдардың саны аса көбейіп кетті.

 

Комментарии